
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы онлайн-халық санағын 8 қарашаға дейін ұзарту туралы хабарлайды. Бұл ретте негізгі кезең 30 қазанда аяқталды, санақтың дұрыс өтуін бақылау үшін халықты аралау жұмыстары жүріп жатыр.
Нұсқаушы-бақылаушылар интервьюерлермен бірлесіп, 8 қарашаға дейін әрбір есеп учаскесіндегі тұрғын үйдің 10%-ын қамти отырып, респонденттерді бақылау мақсатында аралайтын болады.
Интернеттегі санақ мүмкіндігі 8 қарашаға дейін қол жетімді. Сауалнаманы бұрынғыдай e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтіп, sanaq.gov.kz арнайы сайтында толтыруға болады.
Халық санағына қатысты барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 және 8-8000-800-878 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Сонымен қатар, sanaq.gov.kz сайтында телефон нөмірлері көрсетілген өңірлердің call-орталықтарының тізімі бар.
1 қарашадағы жағдай бойынша халық санағымен 19 450 179 адам немесе ел халқының 100,2% қамтылған (1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 19 029 507 адамды құрады).