Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қарағандылық марафоншы 300 шақырымға жуық қашықтықты жүгіріп өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қарағандылық марафоншы 300 шақырымға жуық қашықтықты жүгіріп өтті

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 күндік жеңіл атлетика марафоны өтті. Оған 70 әуесқой жүгірушілер қатысты. Кейбіреулер жеке рекордтарын орнатты.

Жүгіруді теміржолшылар кәсіподағы ұйымдастырды. Қатысушылар ең үлкен қашықтықты 30 күнде жүгіруі керек еді. Сонымен қатар, 30 шақырымдық жүгіру жарысы өтті, онда әуесқой спортшылар арасында ең аз уақытта қашықтықты еңсергендер жеңімпаз атанды.

Қатысушылар жүгіру үшін қолайлы орын мен уақытты өздері таңдады. Жеңімпаздарды Strava мобильді қосымшасы арқылы анықтады.

Ерлер арасында энергодиспетчер Аслан Қапасов көзге түсті. Оның нәтижесі басқа қатысушылардан анағұрлым басымдықпен алға түсіп, 291 шақырымды құрады. Бұрын ол Аstana Marathon – 2021 республикалық жарысына қатысқан.

Спорт ардагері Жақсыгелді Игітаев 161 шақырым жүгірді, жеңіл жүгіріспен ол бір күнде 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Әйелдер арасында рекордты «Вагонсервис» АҚ нұсқаушысы Ұлболсын Тапанова орнатты. Ол 156 км 43 м жүгірді.

30 шақырым қашықтықтағы жас жүгірушілер арасында Қарағанды-Сұрыптау стансасының кезекшісі Төлеу Аңсар бәрінен де жақсы өнер көрсетті. Ол аталмыш қашықтықты екі сағатта жүгіріп өтті.

30–40 жас аралығындағы топта ТЧЭ-14 локомотивтік-пайдалану депосы машинисінің көмекшісі Елдос Теміров және «Қарағанды» локомотивтік пайдалану депосының электровоз машинисі Николай Куяниченко көзге түсті. Олардың нәтижесі екі сағаттан сәл асады.