Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтарды музыка кешіне шақырады

Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтарды музыка кешіне шақырады

Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі қарағандылықтар мен қала қонақтарын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған "Жырға айналған ғұмыр" концертіне шақырады.

Әдеби музыка кеші 5 қараша күні сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Оған Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері, қаздрамтеатр актерлері мен ақындар қатысады.

Дирижер - халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.