Қарағанды автовокзалынан Кемерово мен Ақтоғайға автобустар жүре бастады

Қарағанды автовокзалынан Кемерово мен Ақтоғайға автобустар жүре бастады

Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қарашадан бастап Қарағанды – Кемерово бағыты бойынша рейс ұйымдастырылды. Автобус әр дүйсенбіде сағат 10:00-де аттанады.

Сондай-ақ, Қарағанды – Ақтоғай бағыты қайта жанданды. Аттану уақыты – күн сайын 17:00.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді онлайн брондау және сатып алу автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын қол жетімді. Төлем интернет, Интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және "Касса-24" арқылы банктік картамен жүргізіледі.

instagram.com