Сәтбаевта «Ұлы Дала» ашық аспан астындағы мұражай ашылды

Сәтбаевта «Ұлы Дала» ашық аспан астындағы мұражай ашылды

Сәтпаевта «Ұлы Дала» тарихи парк-мұражайы ашылды. Ол өткен жылы пайда болған «Керуен» мүсіндік композициясының жалғасы болды.

«Ұлы Дала» тарихи паркі бекініс қабырғаларына ұқсайтын кірпіш дуалмен қоршалған. Аумақта Сарыарқаның тарихи көрікті жерлерінің макеттері – Алашахан, Жошыхан, Домбауыл жауынгері, Орда ханы, Аяққамыр, Болған ана кесенелері орналасқан. Сондай-ақ саябақта Ұлытау тауларының миниатюралары, Теректі петроглифтері, әйгілі төрт бидің «Төрт босаға» барельефі қойылған. Айналасында ағаштар отырғызылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандары орнатылды.

– Бұл саябақ Сәтбаев тұрғындары үшін демалыс орнына ғана емес, сонымен қатар жастар біздің тарихымызбен танысып, тақырыптық кездесулер мен зерттеулер өткізе алатын орынға айналады. Сондай-ақ, ол туристердің назарынан тыс қалмайды. «Ұлы дала» саябағының Ұлытау көшесінде орналасқандығы да кездейсоқ емес. Тарихи мәліметтер дәл осы жерде бір кездері Ұлы Жібек жолының шағын керуені өткенін көрсетеді, – деп атап өтті Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Саябақтың салтанатты ашылуынан кейін алғашқы келушілер үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Гид-экскурсовод ашық аспан астындағы мұражай экспонаттарының әрқайсысы туралы танымдық ақпарат ұсынды. Сондай-ақ қонақтар ежелгі қазақ музыкалық аспаптарын жасау бойынша халық кәсіпшілігінің тарихымен танысып, этникалық және классикалық музыкадан ләззат алды.