
Қарағанды облысы Pfizer-BioNTech вакцинасын алуға дайын. Өңірде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының демеушілігімен препаратты тасымалдау және сақтау үшін 97 арнайы мұздатқыш камера сатып алынды.
Өңірге жұмыс сапары барысында Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжановқа Pfizer-BioNTech-ке арналған мұздатқыш камераларды көрсетті.
Вакцинаны тасымалдау үшін 54 портативті термоконтейнер және оны сақтау үшін 43 мұздатқыш камера сатып алынды. Контейнерлердің әрқайсысы GPS-трекермен жабдықталған. Жабдық вакцинаны қажетті температурада -86 градусқа дейін тасымалдауға және сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда препарат алты айға дейін өзінің қасиеттерін сақтайды.
Мұздатқыш камераларға облыстық вакцина қоймасы, сондай-ақ аймақтың барлық қалалары мен аудандарында вакцинация орталықтары беріледі.
– Қарағанды облысы, еліміздегі алғашқы өңірлердің бірі, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының қаржылай қолдауымен тоңазытқыш жабдықтарын сатып алынды. Облыстың әрбір қаласы мен аудан орталығы Pfizer вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыштармен толық қамтамасыз етіледі. "Суық" тізбекті сақтау – негізгі талаптардың бірі, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Вице-премьер жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының активімен эпидемиологиялық жағдай және "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ералы Тоғжанов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін, осы жылдың тамыз айынан бастап COVID-19 ауруы 8 есеге төмендегенін атап өтті. Жиында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Вице-премьер жергілікті билік органдарына халықты вакцинациялаумен қамту бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында аурудың өсуіне жол бермеу үшін мектептерде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов облыстық онкологиялық орталықта болды, онда операциялық блоктың кеңейтімі салынуда. Медициналық мекеме аумағында сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша позитронды-эмиссиялық орталық пен онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеу үшін Тrue Beam желілік үдеткіші бар жапсаржай салу жоспарлануда.
Вице-премьер Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жобалардың іске асырылуымен танысты. Ол 600 орындық жаңа мектептің құрылысы мен ғимараты күрделі жөндеуден өткен Қосымша білім беру мектебінде болды.