Өлкенің жанданған тарихы: Сәтбаев қаласында Батырбек Мырзабековтың «Аманат» романы таныстырылды

Өлкенің жанданған тарихы: Сәтбаев қаласында Батырбек Мырзабековтың «Аманат» романы таныстырылды

Сәтбаевтың Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған іс-шаралар аясында Батырбек Мырзабековтың «Аманат» тарихи романының тұсаукесері өтті. Авторы – ҚР құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Ұлытау және ұлт» журналының директоры. Роман Нұр-Сұлтандағы «Кәусәр» баспасында басылып шықты.

Ақын және прозашы Батырбек Мырзабековтің шығармашылығы өзі  туып-өскен Ұлытаудың тарихымен байланысты. Ауызша әңгімелер негізінде жазылған кітап XIX ғасырда Ұлытау жерінде болған және халық арасында «Төрт босаға» деп аталған төрт бидің басқару жүйесімен байланысты оқиғалар туралы баяндайды.

Естеріңізге сала кетейік, Сұлтан Сандыбай өз билігі кезінде оған бағынышты аумақта маңызды шешімдер қабылдап, Кәдір би, Шегір би және Бабыр бимен бірге адамдар арасындағы даулар мен жанжалдарды шешкен болатын.

«Аманат» романының тұсаукесері автор мен өңірдің шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жоғарыда аталған билердің ұрпақтары, мәдениет қызметкерлері және туған жердің тарихына немқұрайлы қарамайтындар арасында диалог түрінде өтті.

Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов Батырбек Мырзабековті «Аманат» романының жарыққа шығуымен құттықтады.