Қарағандыда тағы бір отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Қарағандыда тағы бір отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Қарағанды қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы Нүркен Әбдіров даңғылы, 51 мекенжайы бойынша филиал ашты. Мұнда «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы мен денсаулық сақтауды дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде №2 отбасылық денсаулық және оңалту орталықтары орналасқан.

Отбасылық денсаулық орталығында емдеумен жалпы тәжірибе дәрігерлері айналысады. Мұнда емшара және қарау кабинеттері орналасқан. Қабылдау электрондық кезек арқылы жүзеге асырылады.

Оңалту орталығы коронавирустық инфекция аясында ми қан айналымының бұзылуынан, жарақаттанудан және пневмониядан кейін пациенттерге арналған заманауи тренажерлармен және құрылғылармен жабдықталған. Қабылдауды реабилитолог жүргізеді, физикалық сабақтар ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен өтеді.

Орталықта душ кабинасы бар спорт залы, массаж кабинеті және физиотерапия бөлімшесі бар. Күндізгі стационар ашылды.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша