
Қарағанды облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жұмысының XVII маусымының қорытындысы шығарылды. Жауынгерлер 947,3 га жерді өңдеп, 1 500-ге жуық ағаш отырғызды.
Биыл еңбек маусымына 14-28 жас аралығындағы 1 831 адам қатысты. Оның ішінде 1 135 қала өкілдері және 696 ауылдық жерлерден. Жауынгерлердің ең көп саны Қарағандыда – 320, Бұқар Жырау ауданында – 180, Теміртауда – 155, Осакаров ауданында – 140 және Балқашта – 135 адам жұмысқа орналастырылды.
– Жауынгерлері туған ауылын және қаласын қоқыстан тазарту және көгалдандырумен айналысты. Нәтижесінде 947,3 га жер өңделіп, 1 500-ге жуық ағаш отырғызылды. Олардың көпшілігі үшін «Жасыл ел» – алғашқы жұмыс тәжірибесі болды. Жауынгерлер түрлі байқаулар мен мәдени іс-шараларға қатысты. Экологиялық мәдениет бойынша тренингтер, зияткерлік ойындар мен фотоконкурстар өткізілді. Сондай-ақ, Жасыл ел жасақтарының сарбаздары волонтерлік жобаларға қатысып, мұқтаж отбасылар мен ардагерлерге көмек көрсетті, – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.
Келесі жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын жалғастырады. Әрбір ниет білдіруші жұмысқа орналасып, өз демалысын пайдалы өткізе алады.
Айта кетейік, Қарағанды облысында «Жасыл ел» жобасы 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда жастар еңбек жасақтарының жұмысына 6 мыңға жуық адам қатысты.