ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады

ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтанда «ҮЕҰ мен сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Қарағанды облысы талқылауға онлайн-форматта қатысты. Іс-шараны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе отырып, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» ұйымдастырды.

Талқылаудың басты тақырыбы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды. Парақорлықпен күресте қоғамдық ұйымдар мен Қазақстанның барлық азаматтары үлкен рөл атқарады.

Пікірталас алаңында Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен ҰКП өкілдері, жұртшылық өз пікірлерін білдірді.

Бас қосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты табысты іске асыру жұмыстың жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануға тікелей байланысты екенін атап өтті. Көптеген қызметтерді электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік берген цифрландыру өзін жақсы қырынан көрсетті.

– «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында біз мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай қысқарта алдық. Облыстағы мемлекеттік қызметтердің 85%-дан астамы электронды форматқа көшті. Адами факторды барынша жоюға тырысамыз, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңірде 2021 жылы барлық мемлекеттік органдар төрт миллионға жуық қызмет көрсетті, оның ішінде үш миллионнан астамы электрондық форматта. Бұл бағытта цифрландырудың артықшылықтарын түсіндіретін өңір тұрғындарымен үлкен ақпараттық жұмыс жүргізілуде.

«Атамекен» ҰКП директоры Ернар Күлпейісов өз сөзінде кәсіпкерлер үшін барлық бизнес-процестерді автоматтандырудың маңыздылығын атап өтті,

Кездесу қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығына, нормативтік-құқықтық актілердің сапасына барынша көп көңіл бөлу, сондай-ақ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы халықты жиі хабардар ету туралы шешім қабылданды.

– Құқықтық нигилизм деңгейін төмендету үшін барлық жерде және барлық адамдар үшін заңның теңдігі қағидаттарымен белсенді айналысу керек. Әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі әрбір ұжымда жария түрде талқылануы және сотталуы тиіс. Жұмыстан босату практикасын тоқтататын кез келді, – деп түйіндеді «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.