
Қарағанды техникалық университетінде ЖОО-ның вакцинацияланған студенттері мен магистранттары арасында жүлделер ұтыс ойыны өтті. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының арқасында анықталды.
– 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында біздің ЖОО-ның әрбір вакцинацияланған студенті мен магистранты ұтыс ойынына қатысуға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды. Тіркелу үшін студентке вакцинация төлқұжатын электрондық пошта арқылы жіберу керек болды. Жақында құнды сыйлықтарды ойнатудың соңғы кезеңі өтті, – деді «Жас Орда» жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смайылов.
Ұтыс қорытындысы бойынша 30 студент көктемгі семестрде ағылшын тілін үйренуге сертификат алды. Тағы 30 адам 2022 жылдың жазына «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды. Сондай-ақ, 32 Гб USB флэш-дискісі 30 адамға табыс етілді.