
29 қазанда Қарағанды қаласындағы «Алтын ғасыр» галереясында ҚР және Ресей Федерациясының Суретшілер одақтарының мүшесі Галина Коломенскаяның жеке көрмесі ашылады. Автордың соңғы бір жарым жыл ішінде жасаған 30 жұмысы ұсынылады.
Маймен боялған суреттер карантин кезінде жазылса да, күнделікті өмірдің проблемаларын қамтымайды. Көрермен мысықтарды, түрлі жәндіктерді, натюрморттарды, пейзаждарды көре алады. Эмоционалды және жарқын шығармалар әзілге толы.
– Дина Рубиннаяның «Осим хаим» атты әңгімесі бар. Орыс тілінде бұл «Өмірден ләззат алу» дегенді білдіреді. Яғни сен жағымды, керемет күйге баулисың да, оған толықтай шомып, басқа ештеңеге назар аудармайсың. Міне мен де дәл сондай күйде болып, осы картиналарды салдым. Көрмеде соңғы бір жарым жыл ішінде мені қоршағанның барлығы жазылған, – дейді автор.
Галина Коломенская – халықаралық, республикалық және облыстық көрмелердің тұрақты қатысушысы. Оның импрессионизм және экспрессионизм стиліндегі суреттері фестивальдар мен байқауларда бірнеше рет жеңіске жетті. Суретшінің жұмыстары Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында және Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Бельгияның жеке коллекциялары мен галереяларында.
Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады.