Теміртау оқушысы осы күзде 70-тен астам ағаш отырғызды

Теміртау оқушысы осы күзде 70-тен астам ағаш отырғызды

Теміртаулық он екі жасар экобелсенді Андрей Плотников осы жылдың күзінде ғана 73 ағаш отырғызды. №16 жалпы білім беретін мектеп оқушысы – "Отражение" экологиялық қоғамдық бірлестігінің белсенді қатысушысы.

Бірлестік жетекшісі Елена Варганованың айтуынша, Андрей – үлгі тұтар тұлға. Баланың бастамасын оның отбасы қолдайды.

– Андрей біздің қаламызда өтетін барлық экологиялық акцияларға қатысады, – дейді отбасында. – Барлығына қызығушылық танытып, өз көмегін ұсынады. Екі жыл бұрын Андрей атасымен бірге 30 қарағай көшеттерін әкелді. Олардың жартысы тамыр алды. Осы күзде ол емен жаңғағы мен 20 емен көшеттерін әкелді. Оларды өзі отырғызды. Біз ағаштарға бірге қамқорлық жасаймыз және баптаймыз. Плотниковтар отбасына балаға қолдау көрсеткені және жақсы тәрбиелегені үшін үлкен алғыс.

Андрей қаланың экологиялық өміріне інісі Артёмді және оның барлық сыныптастарын тартады. Шеберлік сабақтарын, соның ішінде пластикті іріктеу бойынша сабақтар өткізеді. Бала Нұра жағалауын тазарту акциясына да қатысты.

– Мен экология мәселесімен екі жылдан бері айналысып келемін. Адамдар табиғатқа зиян тигізбеуі үшін айналамыздағы әлем таза болуы үшін өз үлесімді қосқым келеді. Бізге таза ауа үшін ағаштар қажет, сондықтан мен оларды отырғызғанды ұнатамын. Болашақта эколог болғым келеді, – деп бөлісті Андрей.