
Нұра ауданының Егінді ауылында 17 мұқтаж отбасы 50 келіден ұн алды. Игі іске кәсіпкерлер бастамашы болды.
– Атқарушы органдармен бірге қарт адамдар мен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалды. Егіндіде ондай 17 отбасы тіркелді. Біз оларға 50 келіден ұн тараттық, – деді «Нұр Астық 2005» ЖШС директоры Дәулеткелді Қадырбаев.
Айта кету керек, кәсіпорын бұрын да қайырымдылықпен айналысқан. Өткен жылы оның көмегімен балалар мен жасөспірімдер айналысатын жергілікті клуб спорт құралдарымен толықты. Сондай-ақ кәсіпкер жетім балаларды мектепке дайындауға көмектесті.