
27, 28 және 29 қазан күндері сағат 18:30-да С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының сахнасында Кеңес Жұмабековтың «Рақымжанның Қасымы» поэтикалық драмасының премьерасы өтеді. Спектакль Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндайды.
Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Қоюшы-суретші – Тамара Аккерт.
Анықтама телефондары: 8-701-911-76-76, 8-776-580-88-87.