Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын жылжымалы көрме Ақтоғай ауданында болып қайтты

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын жылжымалы көрме Ақтоғай ауданында болып қайтты

Ақтоғай ауданы Шашубай ауылында қазақ ақыны және публицист Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған бір күндік көрме өтті. Ұйымдастырушылар – Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және «Сарыжайлау» кинотеатры.

– Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ ақын мұрасын зерттеу және көпшілікке тарату бойынша көптеген іс-шаралар өткізеді. Осыған байланысты өмірбаяндық артефактілер, деректі материалдар, Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер мен оның кітаптарының көрмесі маңызды рөл атқарады, – дейді Е. А. Букетов атындағы ҚарУ ғылыми кітапхана бөлімінің меңгерушісі Айзат Жарылғапова.

Ол қатысушыларды экспозицияда ұсынылған материалдар негізінде Қасым Аманжоловтың өмірі және шығармашылығымен таныстырды.

Шара соңында көрермендерге ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.