Бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Игорь Баграмовтың мерейтойлық көрмесі ашылады

Бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Игорь Баграмовтың мерейтойлық көрмесі ашылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында ертең, 26 қазанда, сағат 16:00-де суретші Игорь Баграмовтың жеке көрмесі ашылады. Ол өзінің мерейтойлық көрмесін «Менің Қазақстаным» деп атады.

Игорь Баграмовтың жан-жақты және сан қырлы жұмыстары әр түрлі көзқарастардағы көрермендерді бей-жай қалдырмайды. Білімі бойынша ол театр суретшісі, бірақ бүгінде ол мүсінші, график, акварель және суретші ретінде де танымал.

– Көрменің атауы оның мазмұнын көрсетеді. Бұл Қазақстан, оның мәдениеті мен әдет-ғұрпы, тағамдары, осында тұратын адамдар және олардың бірегей ұлттық колориті туралы әңгіме. Көрмеге 80 шығарма қойылды. Бұл – Елбасы, Абай, Нұрмақов және басқа да көрнекті қайраткерлердің портреттері. Акварель миниатюралары, натюрморттар мен пейзаждар. Көрменің ерекшелігі – пастоздық пуантилизм. Бұл авторлық техникада орындалған бес туынды, – дейді бейнелеу өнері мұражайының экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Снежана Черкаева.

Көрме 7 қарашаға дейін жалғасады.