
Қарағандыда мектеп дебат клубтарының жетекшілері арасындағы турнир аяқталды. Турнирге барлығы 25 команда қатысты, оның ішінде 18-і қазақ және 7-і орыс лигаларында.
Жеңімпаздар Қарағандының «Альфа» (қазақ лигасы) және Саран қаласының «Есть мнение» (орыс лигасы) командалары болды. Екінші орынды Балқаштан «Жұлдыз» және Шахтинскіден «Ника» тобы алды. Үшінші орынды «Дара» (Приозерск қаласы) және «Лидеры» (Бұқар Жырау ауданы) командалары иеленді.
Үздік спикерлер – Айдана Тұтқыш (қазақ лигасы) және Евгений Мясников (орыс лигасы).
– Мектеп дебат клубтарының жетекшілері арасындағы турнир алғаш рет ұйымдастырылды. Мақсат – тәжірибе алмасу. Пікірталас қызықты өтті. Қараша айында колледж басшылары арасында осындай турнир өткіземіз, – деді «Сарыарқа дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Айжан Жантурина.