Қарағанды жоғары оқу орнында Кәден Тоғайбаевқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Қарағанды жоғары оқу орнында Кәден Тоғайбаевқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Қарағанды техникалық университетінде корреспондент-мүшесі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, ҚарМТУ профессоры Кәден Тоғайбаевтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.

– 60 жыл ішінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары және декан, ақсақалдар кеңесінің (қазіргі рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес) төрағасы ретінде жемісті өндірістік және ғылыми-педагогикалық еңбек еткен Кәден Тоғайбаев университеттің дамуына, қазақстандық индустрия үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға үлкен үлес қосты. Қарағанды политехінің бастауында тұрған және мыңдаған инженер-құрылысшыларды, экономистерді даярлауға баға жетпес үлес қосқан бұл адам туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде қалады, – деп атап өтті «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, т. ғ. д., профессор Марат Ибатов.

Кәден Тоғайбаев – бірқатар оқу құралдары мен ғылыми мақалалардың авторы. Олардың ішінде Қазақ КСРО Ауыр индустрия кәсіпорындарының құрылыс министрлігі Бас орталықтың құрылыс ұйымдарының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау бойынша әдістемелік нұсқаулары бар. Аталмыш еңбек Қарағандыда басылып, бас Орталықтың барлық құрылыс ұйымдарында енгізілді.