Қарағанды облысының тұрғындарына медициналық сақтандыру есебінен 200 мыңнан астам УДЗ жасалды

Қарағанды облысының тұрғындарына медициналық сақтандыру есебінен 200 мыңнан астам УДЗ жасалды

Осы жылдың 8 айында өңірдің медициналық ұйымдары 216 мың тегін ультрадыбыстық зерттеу жүргізді. Медициналық сақтандыру қоры оларға 536 миллион теңге аударды.

— Ультрадыбыстық зерттеу диагностиканың ең кең таралған және ақпараттық түрлерінің бірі. Бұл әдіс хирургия, терапия, гинекология және медицинаның басқа салаларында тексеру үшін қолданылады. Биылғы жылдың 8 айында өңір тұрғындары 216 мың УДЗ-ден өтті. Барлық зерттеулердің басым бөлігі — гинекологиялық УДЗ, сондай-ақ іш қуысының, бүйректің, қуықтың, қалқанша бездің кең таралған ультра дыбыстық зерттеулер, — деді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының маманы Светлана Щеткина.

Жоспарлы УДЗ МӘМС пакетіне кіреді. Сақтандырылған пациенттер үшін олар тегін жасалады. Шұғыл түрде бұл тексеру медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін жүргізіледі.

— Жоспарлы түрде осы медициналық көмекті зерттеудің аталмыш түріне көрсетілімдері бар сақтандырылған пациенттер тегін ала алады. Егер бекітілген жердегі медициналық ұйымда қызметтің бұл түрі көрсетілмесе, дәрігер пациентті бірлесіп орындау шарты бойынша зерттеу жүргізілетін басқа клиникаға жіберуі тиіс. Ақылы қызмет көрсетуден бас тартқан немесе жолдама алған жағдайда пациент медициналық ұйымда пациенттерді қолдау қызметіне, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасына немесе медициналық сақтандыру Қорына жүгінуге құқылы, — деп түсіндірді Светлана Щеткина.

Денсаулық сақтау басқармасының телефон нөмірі – 95-55-59 және медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығы –1406.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша