Теміртау мұражайы Халықаралық фестивальде Көрермендер көзайымы жүлдесін алды

Теміртау мұражайы Халықаралық фестивальде Көрермендер көзайымы жүлдесін алды

«Адамдарға арналған мұражай» музей маркетингі мен қонақжайлылығы онлайн-фестивалінде «Тарихи тәжірибелер» жобасы үшін Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы Көрермендер көзайымы жүлдесін алды. Онлайн-дауыс беруге жеті мың адам қатысты, олардың үш мыңнан астамы металлургтер қаласының мұражайына өз дауыстарын берді.

Балаларға арналған «Тарихи тәжірибелер» онлайн білім беру жобасы пандемия кезінде басталды.

– Біздің экспонаттарымызды пайдалана отырып және тек мұражай қызметкерлерінің қатысуымен біз қазақ және орыс тілдерінде бейнероликтер түсіре бастадық. Әр бейнеде экспонаттардың бірі туралы айтылады. Біз онлайн-мүмкіндіктердің көмегімен тарихи-технологиялық процесті қайта құру туралы шешім қабылдадық. Ересек аудитория тарапы да үлкен әсер алғандарын айтып жатты. 34 ролик шықты, жұмыс әлі де жалғасуда, – деді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Светлана Трещева.

«Тарихи тәжірибелер» жобасы 2020 жылы «Рухани қазына» байқауының «Балаларға арналған үздік музейлік онлайн-жоба» санатында лауреат атанды. Енді ол халықаралық деңгейдегі тағы бір жеңіске жетіп отыр.

Фестивальге 38 музей қатысты. Олардың тек 10 үздігі халықаралық қазылар алқасынан екінші кезеңге жолдама алды. Теміртау мұражайы Қазақстанның жалғыз өкілі болды.

– Біз үлкен алшақтықпен жеңдік, – дейді Светлана Крещева. - Біздің жазылушыларымыздың қолдауы күшті болды. Біздің жеңісіміз – бұл көрермендеріміздің еңбегі.

Жеңіс ретінде мұражай 30 мың рубль алды. Жүлде ақшасына манекендер сатып алынады.

«Тарихи тәжірибелер» сериясындағы барлық бейнелерді мұражайдың YouTube арнасынан көруге болады.