
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды. Белградта бас бапкер Қайрат Сәтжановтың басшылығымен команда толық құраммен өнер көрсетеді. Құрама капитаны болып әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, екі Олимпиаданың қатысушысы Абылайхан Жүсіпов сайланды, деп хабарлайды sports.kz.
Құрамада жаңа боксшылар пайда болумен қатар, жаттықтырушылар штабының құрамы да өзгерді. Аға жаттықтырушы болып Нүркен Аңдасов тағайындалды. Штаттық жаттықтырушылар Ғани Әшкеев, Талғат Жақпеков, Мақсат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин болды.
Әлем чемпионатындағы жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздар AIBA-дан 100 мың доллардан, күміс жүлдегерлер — 50 мыңнан, қола жүлдегерлер — 25 мыңнан алады.
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.
sports.kz