
Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында өнер көрсетеді.
Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр мен халықаралық байқаулардың лауреаты Мирослав Култышевтің (фортепиано, Санкт-Петербург) қатысуымен Классикалық музыка концерті 23 қазанда филармонияда "Әуенді Сарыарқа" XXII халықаралық фестивалі аясында өтеді. Оркестрдің дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.
Концерт бағдарламасында Еркеғали Рахмадиев, Сергей Рахманинов, Пётр Чайковскийдің шығармалары орындалады. Басталуы 18:00.