Неміс тобы Қарағандыда тегін концерт береді

Неміс тобы Қарағандыда тегін концерт береді

Орталық Азия турнесі аясында Қарағандыға Германия музыканттары кеоеді. Маттиас Линдермайр-триосы неміс бэндінің концерті 26 қазанда сағат 19:30-да "Шалқыма" концерт залында өтеді.

Кіру тегін.

Құрамы: Маттиас Линдермайр – труба, Филипп Шипек – гитара, Саймон Попп – барабан.

Соңғы бірнеше жыл ішінде Маттиас Линдермайрдың есімі неміс джаз сахнасында танымал болды. Композитор мен аспапшының Lang Lang (2015) және New Born (2018) атты алғашқы екі альбомында оның ойыны мен музыкасының бірегейлігі көрінді.

Линдермайр – Бавария мәдени және музыкалық сыйлығының иегері.