
Қазақстанда онлайн-режимде халық санағын өткізу функциясы қайта жанданды. Сауалнаманы бұрынғыдай sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында, e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтіп толтыруға болады.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, онлайн-санақ аяқталған сәттен бастап еліміздің барлық өңірлерінен тұрғындардан онлайн-сауалнама функциясын ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимінде санақ жүргізуді қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Сауалнаманы онлайн өту функциясы халық санағының соңына дейін қолжетімді болады.