XX ғасырдың басындағы кебеже Жезді мұражайының жиырма мыңыншы жәдігері болды

XX ғасырдың басындағы кебеже Жезді мұражайының жиырма мыңыншы жәдігері болды

Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайында жиырма мыңыншы жәдігер тіркелді. Ол ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ас үй ыдысы – кебеже болды.

Қазақ тұрмысының бұл заты көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған адамдарға қажетті заттардың бірі болды. Онда ұзақ уақыт бойы қолданылған өнімдер сақталған. Өнімнің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.

Кебежені қолөнерші Жанбосын Текқұлұлы жасаған. Үй заттарымен қатар шебер шығыр, арба, ат шама және тағы басқада атқа қажетті жарақтар жасаған. Жәдігерді мұражайға шебердің немересі Шахмардан Жанбосынов тапсырды. Қалпына келтіру жұмыстарын суретші-реставратор, Мәдениет қайраткері Ерғазы Исатаев жүргізді.

Кебеже негізі ағаштан жасалған және металл мен сүйек өрнектерімен безендірілген. Аяқтары қайыңнан кесілген шегелермен бекітілген. Өрнектер сандықтың бойымен шебер жабыстырылған.

Сонымен қатар, ашық аспан астындағы мұражай экспозициясы тағы бір реконструкция – ескі ұста жабдығымен толықты. Мұндай ұстахананы XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында қазақ ауылдарынан жиі кездестіруге болатын. Мұнда құрал-саймандар жасауға арналған түпнұсқалық көрік, ұстаның темір соғатын төсі және шеберлердің құралдары ұсынылған.