Сөз талас өнері: еліміздің пікірсайысшылары Қарағандыдағы турнирде кездеседі

Сөз талас өнері: еліміздің пікірсайысшылары Қарағандыдағы турнирде кездеседі

29–31 қазанда Қарағандыда «Тәуелсіздік кубогы» республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Шараны Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қарағандының дебатерлер бірлестігі ұйымдастырады.

Турнирге еліміздің жоғары оқу орындарынан 32 команда қатысады.

Жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрайды.

Өтінімдер 25 қазанға дейін «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «QPB CUP II/ Тәуелсіздікке 30 жыл» қауымдастығы арқылы қабылданады.

Пікірсайыс туралы толығырақ 8-778-595-30-79, 8-777-573-35-91 телефондары арқылы білуге болады.