Қазақстанның ең ескі театрларының бірі Қарағанды сахнасында өнер көрсетеді

Қазақстанның ең ескі театрларының бірі Қарағанды сахнасында өнер көрсетеді

4–6 қараша аралығында Қарағандыда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының гастрольдері өтеді. Труппа К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында 120-шы мерейтойлық маусымның ең жақсы қойылымдарын ұсынады.

Шоуды 4 қараша күні сағат 18:30-да Василий Шукшиннің «Жарқын ойлар» («Светлые думы») әңгімесі бойынша сахналық қиял қойылымы ашады. Режиссер және инсценировка авторы Евгений Гельфонд (Челябинск қ.). Сахнада бәрі орыс ауылындағы әншінің шығармашылығы туралы баяндалады.

Қарағандылықтар Александр Островскийдің «Найзағай» драмасын 5 қарашада сағат 18:30-да көре алады. Петерборлықтардың – режиссер Рачи Макатаев пен суретші-сценограф Ильшат Вилдановтың қойылымында көрермен алдында қаланың қара-ақ әлемі ашылады, мұнда биік дуалдың артында қатыгез адамгершілік пен екіжүзділік жасырылады.

Елордалық актерлер «Неке» комедиясын 6 қараша күні сағат 17:00-де көрсетеді. Бұл Николай Гогольдің классикалық туындысының қазіргі заманғы интерпретациясы. Қоюшы Режиссер Туфан Имамутдинов (Қазан қ.) ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам сезімінің эволюциясын зерттейді.

Балалар үшін 6 қараша күні сағат 12: 00-де «Снегурушка» көңілді музыкалық ертегісі дайындалды. Ертегі кейіпкерлері – Аяз Ата, орман және су перілері мен мыстан кемпір – өмірдегі ең бастысы – өз шынайылығыңды таныту және игі істер жасау екенін тағы бір рет дәлелдейді. Спектакль Михаил Бартеневтің пьесасы бойынша қойылды. Қоюшы режиссері – Людмила Крючкова.

Анықтама телефондары: (8-7212) 30-12-04, +7-701-620-04-08.