Ата-бабалар мұрасы: Теміртауда қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ашылады

Ата-бабалар мұрасы: Теміртауда қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ашылады

22 қазан күні сағат 15:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорынан алынған сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Теміртаулық көрермендер алғаш рет 65 бұйымнан тұратын ауқымды көрмені тамашалай алады. Ұсынылған экспонаттар XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына жатады.

Топтаманың інжуі ұлттық киіз және тоқылған кілемдер: сырмақтар, текеметтер, алашалар. Ағаштан жасалған бұйымдардың қызықты үлгілері – ер-тоқымдар жиынтығы, тұрмыстық заттар да келтірілген.

Көрмеге қойылған зергерлік бұйымдар құю, гравировка, штамптау арқылы қолмен жасалған.

Экспозицияда М.Қалқабаев, О. Әбеуов, Ж. Калкин, Л. Бойкова, Л. Косова сияқты белгілі шеберлердің жұмыстары ұсынылады.

Көрме 24 қарашаға дейін жалғасады.

Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.