Қарағанды облысының самбошысы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының самбошысы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 26 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды облысының спортшысы Аида Тойшыбекова өнер көрсетті. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол өзінің қарсыластарынан мықты болып, алтын медальға ие болды.

– Жартылай финалда Аида украиндық қарсыласын жеңді. Алтын медаль үшін айқаста ресейлік спортшыны айқын басымдықпен жеңіп шықты, – дейді чемпионның тәлімгері Қайрат Абдуллаев.

Аида Тойшыбекова – Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі.

Сонымен қатар, әлем біріншілігінде Қарағанды облысының өкілі Алдияр Қарғұлов қола жүлдегер атанды. Самбошы төрт жекпе-жектен кейін 53 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жастар құрамасы ұлдар мен қыздар арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орын алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша