
Қарағанды өңірінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Республикалық конкурста облысты таныстыратын 10 үздік оқушы таңдалды.
Жобаға өңірдің 58 колледжінен барлығы 148 студент қатысты. Олар қазылар алқасына бейнероликтер мен өз жобаларын дайындады. Сонымен қатар, төрешілер студенттің қоғамдық жұмыстары мен оның белсенді өмірлік ұстанымын ескерді.
Келесі студенттер жеңімпаз атанды:
- Жан Сергеев – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;
- Данияр Шардарбеков – Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;
- Инабат Мұханбедияр – Жезқазған жоғары политехникалық колледжі;
- Ұлпан Болатбекқызы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі;
- Егор Власенко – Абай көпсалалы колледжі;
- Максим Чернышов – Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі;
- Лаула Матаева – Қарағанды Bolashaq жоғары колледжі;
- Қажымұқан Көшербай – Қарағанды Bolashaq жоғары колледжі;
- Ерсағын Қоңыртаев – Қарағанды bolashaq жоғары колледжі;
- Анита Адишева – Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі.
«Республикалық байқаудың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Ол 1–15 қараша аралығында kasipkor.kz байқау платформасында өтеді», – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.