
Саран қаласының жаңа саябағында фото аумақ құрылды. Онда биіктігі 4 және ұзындығы 7 метр болатын орындық орнатылды. Ол ағаштан және металдан жасалған. Оған тек баспалдақпен көтеруге болады.
«Жастар қала әкіміне бос уақыттарын өткізу және селфи жасау үшін креативті орын ұйымдастыруды өтініп, бірнеше рет жүгінді. Кейбіреулер өз идеяларын әлеуметтік желілерде ұсынды, – деді Саран әкімдігінде. – Міне, біз олардың тілектерін жүзеге асыруды ұйғардық және саябаққа ерекше орындық орнаттық. Тұрғындар оған ұқыпты қарайды деп үміттенеміз».
Айта кету керек, қалаға кіре берістегі саябақтың өзі жақында пайда болды. Тартымды фото аумақтан басқа, жастар үнемі жиналатын от жағуға арналған алау шұңқыры бар. Саябақтың жанында көгалдандыру жұмыстары басталып, елуге жуық көшет отырғызылды. Алдағы уақытта жасыл желектер саны артатын болады.
«Барлық элементтер бюджеттен тыс қаражат есебінен орнатылды. Бұл саябақ жергілікті тұрғындардың тыныштығын бұзбай гитарада ойнап, ән айта алатын жастарды тартатын орынға айналады», – деп толықтырды Саран әкімдігінде.