
Қарағандылықтарды халықты әлеуметтік қорғау және спорт саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн-жәрмеңкеге қатысуға шақырады. Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Қарағанды қаласының әкімдігі.
Жәрмеңке мемлекеттік органдардың Instagram әлеуметтік парақшаларында 19 қазан күні сағат 15:30-да өтеді.
Спортқа қатысты сұрақтар: @krgtil.madeniet.sport.
Халықты әлеуметтік қорғау: @otdel_zanyatosti_krg.
Жұмысқа орналасу сұрақтары: @czn_karaganda.