
Енді қазақстандықтар 8-707-550-1056 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы салықтарға қатысты сұрақтарын қоя алады.
«1414 бірыңғай нөмірі (қосымша нөмірі 3) бойынша өтініштерді қабылдаумен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелері бойынша WhatsApp нөмірі арқылы да кеңес бере бастайды», – деп түсіндірді ведомствода.
Сұрақтарды жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін жіберуге болады.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша