
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 15 қазан күні сағат 15:00-де «Полимер құрттары» ойын-сауық тәжірибесін өткізеді. Сабақ барысында 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалар құрттардың қандай керемет қасиеттерге ие екенін біле алады.
Құрттарды дайындау үшін натрий альгинаты, кальций хлориді, қызыл бояғыш және жылы су қолданылады. Тәжірибелік сабақтың соңында «Таңғажайып сынамалар мен эксперименттер» кітаптарына шолу жасалады.
«Қызықты ғылым» – физика, химия, биология, география және табиғаттану элементтерін қамтитын курс. Жоба үшінші жыл қатарынан жұмыс істейді. Кітапхана зертханасының міндеті – балаларға ғылымның қандай қызықты және көңілді болатынын көрсету, жаратылыстану ғылымына деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ танымал ғылыми әдебиеттерді оқуға тарту», – деді кітапханада.
Сондай-ақ, балаларға микроскоп, телескоп және басқа да зерттеу құралдарын қолдануды үйретеді.
Зертхана бағдарламасы сегіз тәжірибелік сабақтан, атап айтқанда сынамалар мен эксперименттерден тұрады. Олар кітапханада балаларға ақысыз берілетін материалдарға негізделген.
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы әр айдың үшінші жұмасында сағат 15:00-де өткізіледі.
Сабақтарда сондай-ақ кітаптар мен журналдарға шолу, зертхана тақырыбына сәйкес келетін танымдық роликтер, мультфильмдер көрсетіледі.