Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласындағы спорт нысандарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласындағы спорт нысандарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапары барысында Сәтбаев қаласында бірқатар білім беру және спорт нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту барысын тексерді. Жұмыстың сапасы мен қарқыны бойынша елеулі сын айтылды.

Қалада әбден тозығы жеткен спорттық инфрақұрылымның сапасына қатысты проблемалар бар. Көктемде қараусыз қалған «Юность» стадионын қайта құруға қаражат бөлінді, бірақ мердігер жұмысқа бір ай бұрын ғана кірісті. Көктемде қатты желдің салдарынан жабық бассейн зардап шекті, оны қалпына келтіру, сондай-ақ 320 орындық балабақшаны тапсыру мерзімдері кешіктірілуде.

– Мердігер ұйымдарға қатысты сұрақтар көп. Сапасы мен мерзімі бойынша. Неге дұрыстап қадағаламайсыздар? Бұл қала үшін маңызды әлеуметтік нысандар! – деді Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы әрбір нысандағы жұмыстарды пысықтап, құрылыс қарқынын жеделдету міндетін қойды. Жыл соңына дейін балабақша пайдалануға беріліп, «Юность» стадионының, спорт кешені мен жабық бассейндегі жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.