
Республикалық «Харекет» қоры Қарағандыда ерлерге арналған сұлулық салонын ашты, оның барлық табысы қайырымдылыққа кетеді. Түскен қаражатқа аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сатып алады.
«Харекет» қорының Қарағанды филиалының директоры Ақтоты Жүнісованың айтуынша, барбершоп демеушілік көмектің арқасында пайда болған.
– Демеуші есімін атағысы келмейді. Ол Оңтүстік-Шығыста үй-жай алып, қажетті жабдықты сатып алды. Алты шебер жұмыс істейтін болады. Әзірге бір барбер жұмыс істеп жатыр, – деді Ақтоты Жүнісова.
Салонда тек ер адамдарға – ересектерге де, балаларға да қызмет көрсетіледі. Әрбір шаш қию ақысы қайырымдылық ретінде қарастырылады. Жиналған қаражатқа тұрғын үйге мұқтаж адамдарға баспана сатып алынады: көп балалы отбасылар, жесірлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар, жетімдерге.
Қор жуырда кең пәтердің кілтін Теміртау қаласының тұрғыны Ақерке Берекбаеваға табыс етті. Бірінші топтағы мүгедек әйел үш бала тәрбиелеп отыр.
«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ұйым бүкіл Қазақстан бойынша отбасылар үшін 503 пәтер сатып алды, оның ішінде 87-і қарағандылықтар үшін. Қор туралы қосымша ақпаратты Instagram әлеуметтік желісінен білуге болады: @xareket_qory_official.