
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Жылдың үздік психологы – 2021» байқауын өткізді. Оған 46 маман қатысты.
Өңірдің білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында конкурс онлайн-форматта өтті. Қатысушылар үш категория бойынша жарысты: жұмыс өтілі 3 жылға дейін, 3 жылдан 7 жылға дейін, 7 жылдан жоғары.
– Байқау жыл сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты кәсіби құзыреттілігі мол, дарынды, шығармашыл педагог-психологтарды анықтау, сондай-ақ оларлы қолдау және көтермелеу болып табылады, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Қатысушылар кәсіби шеберлігін, шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін және білім беру үдерісінде психологиялық міндеттерді шешу және жобалау қабілеттерін көрсетті.
Педагогтар қазылар алқасына өз жұмыстары мен кәсіби көзқарастары туралы эссе ұсынды, оқушылармен сабақтардың әзірлемелері және түзету-дамыту бағдарламалары, психологтың портфолиосы таныстырылды.
Үшінші санат қатысушылары «Психологтың сиқырлы әлемі» монологын ұсынып, өздерінің актерлік шеберлігі мен креативтілігін көрсете алды. Қарағанды қаласының №27 орта мектебінің психологы Анель Әлиасқарова бірінші санатта жеңімпаз атанды.
– Бұл өте қызықты, шығармашылық байқау. Ол менің ақындық қабілеттерімді оятып, бейне монтаж бағдарламасын игеруге, сонымен қатар тәжірибемді әртараптандыруға итермеледі. Мен өз әріптестерімнен көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйрендім, біз әрдайым байланыста болып, бір-бірімізге көмектесу үшін тәжірибе алмастық, – деп атап өтті Анель.
Екінші санат бойынша бірінші орынды Шет ауданының Жарық жалпы білім беретін мектебінің қатысушысы Арман Айдана алды.
Үшінші жеңімпаз Приозёрск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагог-психологы Ирина Литош болды.
Байқауға қатысушылар түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.