Қарағанды жастары 110-нан астам қайың ағашын отырғызды

Қарағанды жастары 110-нан астам қайың ағашын отырғызды

Қарағанды жастары танымал ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай ағаш отырғызу бойынша эко акция өткізді. Орталық саябақтағы ақын ескерткішінің жанында енді 110-нан астам қайың өседі.

– Мұндай іс-шаралар – жас ұрпақты тәрбиелеудің ең тиімді әдістерінің бірі, – деп санайды Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова. – Акцияның мақсаты – туған өлкенің және жалпы елдің экологиялық жағдайын жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды жайластыру.