Қарағандыда футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркиямен ойнайды

Қарағандыда футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркиямен ойнайды

12 қазанда Қарағандыдағы «Шахтёр» стадионында жастар арасында 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан және Түркия (U-21) құрамаларының матчы өтеді. Ойынның басталуы – 17: 00.

Билеттерге мына сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады: https://is.gd/2cizga.

2023 жылғы жастар командалары арасындағы футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі 2021 жылдың 25 наурызында басталып, 2022 жылдың қараша айында аяқталады. Оған финалдық раундта 14 орын үшін жарысатын 53 құрама қатысады.