
Дизель отынының тапшылығына байланысты жағдай шешілуде. Қоғамдық көлікті отынмен қамтамасыз ету басым тәртіппен жүзеге асырылуда.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
– Сенбі күні Үкіметте осы мәселе бойынша селекторлық кеңес өткізілді. Өңірлерге жанар-жағармай белсенді жеткізілуде. Энергетика министрлігінің мәліметінше, жақын арада Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталады, – деді облыс басшысы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте. – Демалыс күндері автопарктерге қосымша дизель отыны келді. Қоғамдық көліктерді отынмен қол режимінде қамтамасыз ету жүріп жатыр.