Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр концерттік маусымын ашады

Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр концерттік маусымын ашады

9 қазан күні сағат 17:00-де «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің XXXIX концерттік маусымының ашылуы өтеді. Бас дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Пётр Грибанов.

Бағдарламада Феликс Мендельсонның ре минор скрипка мен фортепианоға арналған концерті, Вольфганг Амадей Моцарттың ре мажор «Пражская» №38 симфониясы, Евгений Брусиловскийдің «Дударай» және т. б.

Солистер – халықаралық конкурстардың лауреаты Дана Дүйсембаева және халықаралық конкурстардың лауреаты профессор Асқар Дүйсембаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.