Теміртауда жас кәсіпкерлер бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды

Теміртауда жас кәсіпкерлер бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды

Теміртауда жас кәсіпкерлерге қала әкімінің гранты табыс етілді. Бәсекелестік жоғары болды. Байқауға 90 өтінім түсті, комиссия он жеңімпазды таңдады.

Жаңадан бастаған кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін бір миллион теңге алды.

- Менің арманым жастар шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алатын медиа студия құру болатын. Мен бизнес-жобамды ұсындым және қолдау таптым. Біз фотосурет, дизайн, копирайтинг және басқа да салаларда шеберлік сыныптарын өткізетін боламыз. Және де балалар үйінің тәрбиеленушілерін тегін оқытатын боламыз, - дейді грант иегері Елизавета Королёва.

Ал жас кәсіпкер Айдин Садвакасов түрлі-түсті қант өндірумен айналыспақ.