
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры көрермендерге венгр драматургі Ласло Дюрконың пьесасы бойынша қойылған «Электра» спектаклін ұсынады. Премьера 9 қазанда сағат 17.00 -де өтеді.
Ласло Дюрко көне трагедияны қазіргі заман тұрғысынан қайта түсіндіреді.
Жақсылық пен жамандықтың қақтығысы, кез келген жағдайда даңққа деген құштарлық, ата-ана мен балалар арасындағы қақтығыстар - бұл мәңгілік тақырыптар. Ежелгі сюжет бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпайды, көптеген өнер қайраткерлері осы тақырыпты таңдайды.
Сейфуллин театрының сахнасында «Электраны» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының режиссёрі Жұлдызбек Жұманбай қойды. Қоюшы-суретші – Жәлел Садырбеков
Басты рөлдерді театр әртістері Амира Омарова, Әйгерім Қалдыбекова, Ахай Жұмамұратов, Бауыржан Нұрмағамбетов, Бекмұхамет Киекбаев және тағы басқалар сомдайды.
Анықтама телефондары: 413-989 және 420-297.