Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен оның күтімі бойынша төлемді банк арқылы ресімдеуге болады

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен оның күтімі бойынша төлемді банк арқылы ресімдеуге болады

Қазақстандықтар бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында ресімдей алады. Жаңа қызмет 8 қазаннан бастап қолжетімді болады.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жеке ЭЦҚ-кілттерді пайдалану және қосымша ақпаратты енгізу қажеттілігінің болмауымен ыңғайлы.

Пилоттық жобаға Kaspi Bank пен Халық банк қатысуда. Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындауды ресімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильдік қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімді табу, тиісті мемлекеттік қызметті таңдау және дербес деректерді өңдеуге келісімді растау қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және төлемдердің тағайындалған сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша