Қарағандыда Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Оған 146 мектеп түлегі қатысты.

Олимпиада онлайн режимде Оqylyq.kz платформасында өтті. Қатысушылар математика, физика, химия, биология пәндерінен тапсырмалар орындады.

- Оқушылар жақсы дайындалғандарын көрсетті. Ең жоғары баллды 20 адам жинады, олар Қарағанды облысын республикалық кезеңде таныстырады, - деді «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы зертханасының меңгерушісі Құралай Арунова.

Үздік нәтижелерді «Дарын» ММИ оқушылары Александр Высоцкий, Эрик Ильясов, Анель Шмидт, сондай-ақ Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің оқушысы Нұризат Ақылбекова, Теміртау қаласы №19 ЖОББМ оқушісі Марина Ким көрсетті.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне қашықтықтан іріктеу туры 22 қазанда өтеді.

Облыстық кезеңнің нәтижелері туралы ақпарат saryarkadaryny.kz сайтында жарияланған.