Саран қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жүгіру сайысы арналды

Саран қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жүгіру сайысы арналды

Саран қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жеңіл атлетика жарысы өтті. Оған 250 адам қатысты: тек жергілікті спортшылар ғана емес, сонымен қатар облыстың басқа қалаларынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан жүгіруді ұнататындар бас сынасты.

Жүгірушілер үш қашықтықта жарысты: 3, 7 және 14 шақырым. Барлық қатысушылар нәтижесіне қарамастан сертификаттар алды. Үздіктер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның демеушісі «QazTehna» ЖШС болды.

Саран қаласында жүгіру дәстүрге айналған: мұнда көктемгі және күзгі жеңіл атлетикалық эстафеталар, «Жеңіс» жартылай марафоны өткізіледі.