Қарқаралыда гемодиализ орталығы ашылды

Қарқаралыда гемодиализ орталығы ашылды

Қарқаралыда медициналық көмек көрсету аясы кеңейді. Мұнда мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша құрылған гемодиализ орталығы жұмыс істей бастады. Енді созылмалы бүйрек аурулары бар науқастарға облыс орталығына немесе басқа қалаларға барудың қажеті жоқ.

Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған. Оның қуаты күніне 10 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Ал ауданда гемодиализге мұқтаж бүйрек ауруы бар бес пациент есепте тұр.

- Күйеуім бірнеше жылдан бері ауырып келеді, өткен жылдан бастап оған гемодиализ тағайындалды. Қарағандыға үнемі баруға тура келді. Бұл қалтамызды қағады. Қарқаралыда осындай орталықтың ашылуы – тұрақты емделуді қажет ететіндер үшін үлкен қуаныш, - дейді қала тұрғыны Қаламқас Төлеуханова.

ortalyq.kz