Шахтинск қаласында жас отбасылар форумы өтті

Шахтинск қаласында жас отбасылар форумы өтті

Өзара түсіністікті қалай нығайту, бақытты ата-ана болу және қиындықтарды бірге жеңу – бұл тақырыптар Шахтинск қаласында өткен жас отбасылар форумында талқыланды. Тренингтерді «Позитивное развитие» ЖМ жетекшісі, психолог Оксана Панасиди өткізді.

- Әр адамның жетістігі отбасындағы жағдайға байланысты. Дәл осы отбасымызда біз қиын күннен кейін қалпымызға келу үшін күш-қуат табамыз, жаңа идеяларға шабыт аламыз, - деп атап өтті тренер.

Форумға қатысушылар отбасылық құндылықтардан бастап бірлескен бюджетке дейінгі түрлі аспектілерді қозғады.

Жас отбасылар өздерінің командалық рухын «Арқан тарту» ұлттық ойынында көрсете алды.

- Біз жастар үшін көптеген іс-шаралар өткіземіз. Бұл жолы жас отбасылар жиналды. Бұл кездесу барлық адамдар үшін пайдалы болды деп үміттенемін, - дейді Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жасұлан Хамитов.