Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жаңа маусымын ашады

Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жаңа маусымын ашады

Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің XXXIV концерттік маусымының ашылуы 7 қазан сағат 18.30-да «Шалқыма»концерт залында өтеді.

Концерт бағдарламасында қазақ, орыс және шетел композиторларының шығармалары: Е. Нұрымбетовтың «Қосбасар», Д. Шостаковичтің «Бурлеска», Поль Морианың «Фигаро», Құрманғазының «Сарыарқа» және т. б. туындылар бар.

Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Концерт залының ғимаратына тек Ashyq қосымшасы бойынша кіруге рұқсат берілетінін еске саламыз.